БООС Э.Г. АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ЭНЕРГИЯ ФИЗИКАСЫ ЗЕРТХАНАСЫ

Жетекшісі: ф.-м.ғ.к. Жаутыков Болат Орымбекұлы

Зерттеу мақсаты

Материяның құрылымын және біздің айналамыздағы материалдық әлем күштерінің сипатын анықтау үшін ірі үдеткіштер мен ғарыштық сәулелерде жүргізілген тәжірибе деректерін пайдаланып, Қазақстандағы жоғары энергиялы физиканы дамыту.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

  • ⦁ Бөлшектер мен ядролардың заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу;
  • ⦁ әлемдік жетекші зерттеу орталықтарының үдеткіштеріндегі көпіршікті камералардың сәулелену барысында алынған физикалық деректерді қолдану арқылы протондар мен антипротондардың нуклондар мен атом ядроларымен өзара серпімсіз әсерлесу қасиеттерін зерттеу;
  • ⦁ зертхана қызметкерлері қатысқан, әртүрлі ғылыми орталықтармен бірлесіп жұмыс атқарған түрлі детекторлар коллаборациясынан алынған, зертханада қол жетімді эксперименталды деректерге физикалық талдау жасалады;
  • ⦁ зертхана қолда бар эксперименттік деректерді өңдеудің заманауи әдістері құрылды және әзірленеді;
  • ⦁ DESY-ден ғылыми ынтымақтастыққа сәйкес заманауи технологиялық әдістерді пайдалана отырып, әрі қарайғы тәжірибелік талдаулар үшін 350 млн. Серпімсіз электронды-протондық өзара әрекеттесулер алынды;
  • ⦁ 350 миллион электронды-протондық өзара серпімсіз әрекеттесу жаһандық таралған есептік GRID ортасының көмегімен Физика-техникалық институтқа берілді, атап айтқанда, физикалық ақпараттың үлкен көлемін сақтауға арналған dCashe шағын жүйесімен байланыс орнатылған.

Детектор ер-взаимодействий ZEUS (DESY).

Схема извлечения и передачи очень больших объемов информации.