ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАР ЗЕРТХАНАСЫ

Зертхана меңгерушісі: ф.-м.ғ.к. Серікқанов Абай Серікқанұлы

Зерттеу мақсаты

Ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулерді жүзеге асыру.

Ғылыми-зерттеу қызметі

⦁ Күн энергетикасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде:

Негізгі құрал-жабдықтар

Атомдық-күштік микроскоп

Қызметі: зондты сканирлеуші микроскоп JSPM-5200 (фирма Jeol, Japan, 2006ж.) атомдық дәрежеде физикалық нысандардың бетіндегі рельефті анықтауға арналған.

Атомдық-күштік JSPM-5200 микроскобы

«Эллипс-1000М» спектрлік эллипсометрі

Қызметі: жұқа қабықтардың параметрлерін экспресс талдаудың бұзылмайтын әдісі.

Технические характеристики: Спектрлік диапазон – 250÷1000нм, толық спектр – 8÷20 с. Жарық сәулелік диаметр – 3 мм. Жарықтың түсу бұрышының диапазоны – 45, 50, 55, 60, 65, 70, 90° аралығында. Қайта өлшеу – dψ=0.02°, dΔ= 0.05.

«Эллипс-1000М» спектрлік эллипсометрі

СФ-256 УВИ және СФ-256 БИК спектрофотометрлері

Қызметі: СФ-256 УВИ және СФ-256 БИК спектрофотометрлері ультракүлгін, көрінетін және жақын инфрақызыл аймақта өтетін спектрлерді алуға арналған.

СФ-256 УВИ және СФ-256 БИК спектрофотометрлері

Perkin Elmer фирмасының индуктивті-байланысты плазмалы Optima 2000DV спектрометрі

Қызметі: Perkin Elmer компаниясының Optima 2000DV спектрометрінде жоғары жиілікті индуктивті байланысқан плазмамен (AЭС және ИСП) атомдық-эмиссиялық спектрометрия әдісімен кварцит пен кремний қоспаларын анықтау.
Әдістің мәні: спектроскопиялық техника көмегімен сұйық үлгілердің атомдық эмиссиясын өлшеу. Қатты үлгілер концентрлі қышқылдармен бөлінеді,алынған ерітінді ағызу камерасында -плазмалық қыздырғышта сұйытылады және шашыратылады, онда аэрозоль буланып, атомизацияланады. Сәулелену спектрлері, яғни атомды-эмиссиялық сәулелену спектрі жоғары жиілікті индуктивті-байланысқан плазма (ИСП) арқылы пайда болады.

Индуктивті-байланысты плазмалы Optima 2000DV спектрометрі (Perkin-Elmer (АҚШ), 2003ж., орта сезімталдығы 10-5 %. Құрамды өлшеу шегі 0.1-0.01 ppm.)

GWJ 1–500–0.5 пештері негізіндегі индукциялық балқыту кешені

Қызметі: графитті тигелі бар GWJ 1–500–0.5 пештері негізіндегі индукциялық балқыту кешені металлургиялық кренмнийді алюминотермилық әдіспен қорытуға арналған. Балқу индукциялық тигельді электропеште орташа жиіліктегі тоқ көмегімен, кремний қостотығын металл алюминий арқылы еркін кремнийге дейін қайта қалпына келтіру жолымен жүзеге асырылады. Шартты белгілену құрылымы GWJ 1-500-0.5

GWJ 1–500–0.5 пештері негізіндегі индукциялық балқыту кешені

«Параллель» ИПТ-100-2,4-0,075-Г-УХЛ4 индукциялы балқыту қондырғысы

Қызметі: параллель – фирмалық аты, И – индукциялы, П – плавильная (балқыту), Т – тигельная (тигельді), 100 – жиілік түрлендіргіштің қуаты, кВт; 2,4 – жұмыстық жиілік, кГц, 0,075 – пеш сыйымдылығы, т, Г – гидравликалық, пештің иілу тәсілі, УХЛ4 – климаттық орындау және ГОСТ 15150-69 және ГОСТ 155431-89 бойынша орналасу орны.

Металлургиялық кремний өндіру мен оны тазалауға арналған жартылайөндірістік желі

Жартылайөткізгішті монокристалдар алуға арналған қондырғы, моделі TCR-5C, өндіруші Techno Search Corp., Жапония

Қызметі: Жартылайөткізгішті монокристалдар алу.
Ерекшелігі мен мүмкіншілігі: диаметрі 3 см дейін, ұзындығы 15 см дейін жететін кремний кристалдарын алу, балқытпаның максимал температурасы 1900°С.

Жартылайөткізгішті монокристалдар алу қондырғысы, модель TCR-5C, өндіруші Techno Search Corp., Жапония