Тарихы

Физика-техникалық институт (ФТИ) – 1990 ж. 27 желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылған ғылыми - зерттеу ұйымы.

2007 жылы Қазақстан Республикасының үкімет қаулысы бойынша ФТИ «Физика-техникалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. Институт Алматы қаласынан жиырма километр қашықта, Алатау ықшамауданында орналасқан.

ФТИ-дің негізгі зерттеу бағыттары: Конденсацияланған орталар мен материалтану саласы және жоғары энергия мен ғарыштық сәулелер физикасы. ФТИ-дің ғылым саясатын Ғылыми кеңес анықтайды. Институт құрамында алты зертхана бар. Бүкіл зертханаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қолайлы ғылыми-техникалық инфрақұрылым қолданылады. Институт жалпы көлемі 8800 шаршы метр болатын зертханалық және өндірістік, энергия, су және жылумен қамтылған үш ғимараты орналасқан.

ФТИ қызметінің негізгі аспекті – ауқымды халықаралық ғылыми-техникалық қарым-қатынас болып табылады. Институт шамамен 70 тарта ғылыми орталықтармен қамтылған көптеген шет ел мемлекеттерімен (Ресей, Беларусь, АҚШ, Германия, Жапония, Сауд Арабиясы және Корея Республикасы) тығыз байланыста. ФТИ тек Қазақстанның өзінде 50-ге жуық зерттеу орталықтарымен, университеттермен, өндіріс орындарымен және түрлі қалалардағы фирмалармен байланыс орнатқан.