Жас ғалым философия докторы (PhD) дәрежесін алды

WhatsApp Image 2023 06 12 at 17.47.26 1

Институмыздың жас ғалымы Шоңғалова Айгүл Қабылқызын Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D074000 «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша «Жұқа қабықшалы халькогенидті материалдарды синтездеу және зерттеудің перспективті әдістері» тақырыбында докторлық диссертация жұмысын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Айгүл Қабылқызының ғылыми диссертациялық жұмысы Физика-техникалық институтында орындалған. Жетекшісі PhD Токмолдин Н.С.

Докторлық диссертация – еңбек пен табандылықты, жауапкершілік пен ізденісті талап ететін өте ауқымды жұмыс. Осы ауыр да қызықты жолды басып өтіп, ғылыми дәреже алу – еңбектің адал жемісі болып табылады.

Айгүл Қабылқызын және оның ғылыми жетекшісін құттықтай отырып, алдағы ғылым жолында биік белестерді бағындырып, нақты нәтижелерге жетіп, өз саласында талантты шәкірттер тәрбиелеуіне тілектеспіз!

Наш молодой ученый Шоңғалова Айгүл Қабылқызы успешно защитила диссертацию на тему «Перспективные методы синтеза и исследования тонкоплёночных халькогенидных материалов» по специальности 6D074000 «Наноматериалы и нанотехнологии» в КазНИТУ им. К.И.Сатпаева и ей была присвоена степень доктора философии (РhD).

Диссертационная работа была выполнена в Физико-техническом институте, научный руководитель РhD Токмолдин Н.С.

Защита диссертации и получение степени является большой ступенькой на пути к светлому будущему.

Сердечно поздравляем Шоңғалову А.К. и ее научного руководителя! Желаем блестящих идей для дальнейшего развития и самореализации в выбранной стезе, новых перспектив и безграничных возможностей!

#IPT #IPTalmaty #ФТИалматы #молодыеученые #поздравляем  #PhDдоктор

WhatsApp Image 2023 06 12 at 17.47.25