Наурыз мерекесі мен Ғылым күніне арналған іс-шара

Наурыз мерекесі мен Ғылым күніне арналған іс-шара

2026 жылдың 17 сәуір күні Физика-техникалық институтында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы мен Ғылым күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шара ұжым қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен ғылымға деген құрметті арттыруға бағытталды.

Мерекелік бағдарлама барысында қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері таныстырылып, ұлттық ойындар мен қызықты байқаулар өткізілді. Сондай-ақ, дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Іс-шара ерекше жылулық пен достық атмосферада өтті.

Ғылым күніне орай институттың ғылыми қызметкерлері мен мамандарының еңбегі атап өтіліп, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Бұл – олардың ғылым саласындағы жетістіктері мен қосқан үлестеріне берілген жоғары баға.

Аталған мерекелік іс-шара ұжым бірлігін нығайтып, әр қызметкерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық мәдениет пен ғылымның маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.

наурыз фти 1