2026жылдың 1 шілдесінен бастап 15 наурыздағы референдумда мақұлданған жаңа Негізгі заң күшіне енді. Бұл оқиға ғылыми қауымдастық үшін ерекше маңызды, өйткені алғаш рет конституциялық деңгейде адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты бекітілді. Преамбулада мәдениет, білім беру, ғылым және инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары екені тікелей көрсетілген.
Бұл – маңызды бетбұрыс. Мемлекет ғылымды конституциялық деңгейде дамытуға міндетті, ал білім мен адами капитал елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде танылды. Президент ғылыми-білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Бұл заң ғылыми әлеуетті нығайтуды, әзірлемелерді коммерцияландыруды қолдауды және кадрлар даярлауды көздейді.
Ғылым саласында еңбек етіп жүрген біз үшін бұл екі маңызды аспектіні білдіреді. Біріншіден, ғылыми зерттеулерді ұзақ мерзімді жоспарлау және оларды қаржыландыру талаптарын айқындау үшін құқықтық негіз қалыптасады. Екіншіден, жауапкершілік арта түседі: ғылымның конституциялық мәртебесі ғылыми ұйымдардың елге технологиялар, білікті кадрлар және сараптамалық білім сияқты нақты нәтижелер беруі тиіс екенін білдіреді. Осылайша, ғылым салалық міндеттер санатынан конституциялық басымдықтар деңгейіне көтерілді.
С 1 июля 2026г в силу вступил новый Основной закон, одобренный на референдуме 15 марта. Это событие имеет важное значение для научного сообщества, так как впервые на конституционном уровне закреплено стратегическое направление государственной политики, связанное с развитием человеческого капитала, образования, науки и инноваций. В преамбуле прямо указано, что культура, образование, наука и инновации являются ключевыми ориентирами для государства.
Это знаменует собой значительный сдвиг. Государство обязано развивать науку на конституционном уровне, а знания и человеческий капитал признаны основой конкурентоспособности страны. Президент уже подписал закон, направленный на совершенствование государственной политики в научно-образовательной сфере, который предусматривает укрепление научного потенциала, поддержку коммерциализации разработок и подготовку кадров.
Для нас, работающих в науке, это означает два важных аспекта. Во-первых, появляется правовая основа для долгосрочного планирования исследований и определения требований к финансированию. Во-вторых, возрастает ответственность: конституционный статус науки подразумевает, что научные организации должны приносить стране конкретные результаты, такие как технологии, кадры и экспертные знания. Наука переходит из категории отраслевых задач в разряд конституционных приоритетов.









