
Новое сотрудничество – новые возможности
Физико-технический институт при Satbayev University расширяет международные связи, укрепляет дружеские отношения, что дает возможность открывать новые горизонты научного общения.
В феврале месяце текущего года наши ученые посетили Объединенный институт ядерных исследований (ОИЯИ, Дубна, Россия), во главе с полномочным представителем Правительства РК в ОИЯИ, генеральным директором РГП «Институт ядерной физики» Сахиевым С.К. Наши ученые были ознакомлены с научно-исследовательской инфраструктурой, также была обсуждена совместная деятельность. В ходе визита был рассмотрен вопрос вхождения ФТИ в коллаборацию в рамках экспериментов, где разрабатываются и создаются две коллайдерные установки – MPD (многофункциональный детектор) и SPD (детектор для экспериментов с поляризованными пучками), а также установка BM@N (исследование барионной материи на нуклотроне) для проведения исследований на выведенных пучках нуклотрона.
В результате переговоров и обсуждения команда ТОО «Физико-технический институт» при Satbayev University во главе с заведующим лабораторией ядерной физики и радиационной экологии, д.ф.-м.н. Лебедевым Игорь Александровичем в составе 9 человек вступила в коллаборацию эксперимента MPD на комплексе NICA. Наши ученые будут исследовать пособытийные анализы, а также изучать корреляций и флуктуаций различных величин, основываясь на смоделированных и экспериментальных данных. Кроме этого, команда Физико-технического института будут решать задачи по поиску сигналов кварк-глюонной плазмы.
Обмен информацией высококвалифицированными специалистами, новейшими научными технологиями и исследованиями становятся непременным условием научно-технического прогресса.

Жаңа ынтымақтастық - жаңа мүмкіндіктер
Satbayev University еншілігіндегі Физика-техникалық институты халықаралық байланыстарды кеңейтіп, достық қарым-қатынастарды нығайтуда, бұл өз кезегінде ғылыми коммуникацияның жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ғалымдарымыз ҚР Үкіметінің БЯЗИ жанындағы Өкілетті органы және «Ядролық физика институты» РМК бас директоры С.Қ.Сахиевпен бірге Біріккен Ядролық зерттеулер институтында (БЯЗИ, Дубна, Ресей) іссапармен болды.
Ғалымдарымыз институттың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысып, бірлескен іс-шараларды талқылады. Сапар барысында әзірленіп жатқан екі коллайдер қондырғысы – MPD (көп функционалды детектор) және SPD (поляризацияланған сәулелермен эксперименттерге арналған детектор), сондай-ақ BM@N қондырғысы (нуклотрондағы барионды заттарды зерттеу) нуклотронның шығарылған шоқтары бойынша зерттеулер жүргізуге арналған эксперименттер аясында ФТИ-мен ынтымақтастыққа кіру мәселесі қарастырылды.
Келіссөздер мен талқылаулар нәтижесінде Satbayev University Физика-техникалық институтының Ядролық физика және радиациялық экология зертханасы меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Лебедев Игорь Александрович бастаған 9 адамнан тұратын командасы NICA кешеніндегі MPD экспериментінің ынтымақтастығына қосылды. Біздің ғалымдарымыз оқиға бойынша талдауларды, сондай-ақ симуляцияланған және эксперименталды деректер негізінде әртүрлі шамалардың корреляциялары мен ауытқуларын зерттейтін болады. Сонымен қатар, ФТИ командасы кварк-глюондық плазмалық сигналдарды іздеу мәселесін шешеді.
Жоғары білікті мамандардың ақпарат алмасуы, соңғы ғылыми технологиялар мен зерттеулер ғылыми-техникалық прогрестің таптырмас шартына айналуда.


Үстіміздегі жылдың 27 ақпан күні Физика-техникалық институты ұйымдастыруымен Satbayev University қабырғасында ҚР ҰҒА академигі Эрнст Гербертович Боосты еске алуға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Үстіміздегі жылдың 27 ақпан күні Физика-техникалық институты ұйымдастыруымен Satbayev University қабырғасында ҚР ҰҒА академигі Эрнст Гербертович Боосты еске алуға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Аралас формада өткен конференция инновациялық зерттеулер мен физика саласындағы серпінді ғылыми әзірлемелердегі ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Сондай-ақ, жоғары энергия физикасы, ғарыштық сәулелер, материалтану және нанотехнологиялар саласындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктер талқыланды.Іс-шараға қазақстандық қана емес, алыс-жақын шетел – Германия, Ресей, Өзбекстан, Башкортостан секілді мемлекеттердің университеттері мен ғылыми институттар ғалымдары қатысып, ой бөлісті. Атаулы шараны Институт директоры физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Серикканов ашып берді. Satbayev University проректоры Жаутиков Б.А. және академик Мұқашев Б.Н. сөз алып, ғалымдар жұмысына сәттілік тіледі. Академиктің ізін жалғастырушы ұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университетінің Ядролық физика ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.м-ғ.д. Боос Эдуард Эрнстович онлайн қатысып, ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді әрі ғылыми жұмысы жайлы баяндама жасады. Академикпен бірге жастайынан қатар жұмыс атқарып, жетістіктер жолын басып өткен физика-математика ғылымдарының кандидаты Булат Орымбекұлы Жаутыков Эрнст Гербертович жайында көңіл тебірентер естеліктерімен бөлісті. Шарада жергілікті Металлургия және кен байыту институты, Ядролық физика институты, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Өзбекстан ҒА ФТИ, Ташкент мемлекетттік техникалық университеті, Уфа ғылым және технология университеті т.б. ғалымдары мен жас ғалымдары жұмыстарын ортаға салды, сондай-ақ Санкт-Петербург ITMO университеті физика факультетінің жетекші ғылыми қызметкері ф.м-ғ.д. Карловец Д.В., Германиялық Потсдам университетінің зерттеушісі PhD Токмолдин Н.С., Өзбекстан ҒА ИЯФ ғалымы, ф.м-ғ.к. Саидахмедов К.Х. белсене қатысып, өзекті баяндама жасады, әрі тыңдаушылардың қызықты сұрақтарына жауап берді. Конференция қорытындысы бойынша ұйымдастырушы комитет академик Э.Г. Боостың еңбегі сіңген Алатау ықшамауданындағы өзі тұрған көшеге атын беру туралы ұсыныс жасады. Ғалымдардың басын қосқан шара соңында барлық қатысушылар сертификатқа ие болып, баяндамалар тезистер жинағы ретінде басылып шығарылды. Ғылыми іс-шара ұйымдастырушылары Satbayev University ұйымына және барлық қатысушыларға ризашылығын білдіреді.















